АКУЛА

АКУЛА (Selachioidei, көне норвег. һассаl — балық) — тақтажелбезектілер класы тар мағына жататын балықтар. Қазіргі А-ның 350-дей түрі бар: олар 6 отрядқа, 20 тұқым- дасқа бөлінеді. А. барлық теңіздер мен мұхиттарда кең тараған, тұщы суларда да (Амазонка, Ганга) кездеседі. Денесінің ұз. 15 см-ден 20 м- ге дейін болады, салм. 14 т-ға дейін тартады. Дене пішіні сүйірлеу, тұмсығы ұзын, аузы алқымға таяу орналасқан. Құйрық қанатының үстіңгі қалақшасы астыңғысынан үлкен болып келеді. Қаңқасы шеміршекті, тістері өткір, торсылдағы және желбезек қақпағы болмайды, басының екі жағында 5 — 7 жұп желбезек саңылаулары бар. А-ның көру қабілеті жақсы жетілмеген, ал иіс сезу қабілеті өте жақсы жетілген және судың майда дірілін бүйір сызығы арқылы сезе алады. Жемін аулауы осы екі қасиетіне негізделген. Олардың көпшілігі ірі жануарларды аулайды. Ең ірілері — кит А-сы (15 м-ге дейін) мен алып А. (20 м-ге дейін) планктонмен қоректенетіндер тобына жатады. А.іштей ұрықтанады, көпшілігі ірі мүйіз қабығы бар жұмыртқа салады, кейбіреуі ұрпағын тірі туады. А- ның 50-дей түрі қатерлі жыртқыш болып саналады. Олар көп жағдайда, адамдар көп шомылатын тропикалық суларда күндіз жағаға жақын жерлерге келіп, шабуыл жасайды. Кейбір түрлерінің кәсіптік маңызы бар. А-ның көпшілігі тропикалық сулардан ауланады, бауырынан май алынады, етінен тағам, қаңқасынан желім жасалынады, терісі де пайдаланылады. Қазақстанда А-ның қазба қал- дықтары бор кезеңінен бастап кездеседі, кең тараған уақыты — палеоген кезеңі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *