АКТИНИЙ (Асtinium), Ас – элементтердің периодтық жүйесінің III тобындағы радиоактивті элемент; рет нөмірі — 89, атом. салм. — 227. 1899 ж. француз химигі А. Де- бьерн ашқан. А.-дің жер қыртысындағы мөлш.—6-10°%. А. күмістей ақ түсті металл, балқу t 1050°+50°С, өте әрекеттескіш; ауада тез тотығады, тұз және азот қышқылдарында ериді. А. хим. қосылыстарда 3 валентті болып келеді. Қосылыстарының (гидроксиді, фториды, оксалаты, фосфаты, карбонаты, фторсиликаты) көпшілігі ерімейді. А. галогенидтері ауада ұшқыр келеді, негіздік қасиеті лантаннан да күшті. А. оксиді оның гидроксидін немесе оксалатын 1100°С-та қыздырыш-күйдіру арқылы алынады. Оның галогенидтері фторлы сутекке, төрт хлорлы көміртекке, бромды алюминийге А. оксидінің, құрғақ гидроксидінің немесе оксалатының әсері нәтижесінде түзіледі. А. тұздары ақ түсті, ертінділері түссіз келеді.