АКТИВТІ КӨМІР, активтелген көмір — адсорбтағыш қабілеті күшейтілген кеуек құрылымды көмір. Оның құрамында 87—98% көмір, онымен қоса сутек және оттек болады. А. к-ді тас көмірден, кокстен, т.б. құрамында көміртек бар өсімдік мате- риалдарынан (ағаш көмірі, ағаш ұнтағы, өсімдік дәндерінің сүйектері), сондай-ақ шайыр заттарды кептіру, активтеу, синтет. полимерлерді термиялық ыдырату арқылы алады. А. к. шарап өндірісінде шараптың иісін, дәмін бұзатын еріген газдарды, қант өндірісінде ерітіндіге бөгде түс беретін заттарды сіңіруге қолданылады. Противогаз жасауда, мед-да, т.б. көптеген салаларда пайдаланылады.