АКТ (лат. аctus — әрекет) — драмалық шығарма немесе театр қойылымының аяқталған бір бөлімі. А. театрда үзілістерге, сондай-ақ бірнеше кішігірім көрініс, сурет, эпизодқа бөлінуі де ықтимал. Спектакльдің 5 А-ге тұңғыш бөлінуі Көне Рим театрында болған. Бірқатар Шығыс елдерінің (Жапония, Иран, Қытай, Үндістан) классик. театрларыңда пьеса он шақты А-ге жеткен. Казақ театрыңда М.О. Әуезовтің “Еңлік — Кебек” пен “Қаракөз” трагедиялары 4, ал “Тас түлек” пьесасы 5 А-ге бөлінген. Құқықта; заңды мәні бар шешім, іс-әрекет немесе құжат. Мыс., нормативтік А., сараптама А-сі, азаматтық хал-ахуал А-сі.