АКРОПОЛЬ (грек. akroctichic, аkrос — биік, polic — қала), ежелгі гректердің биік төбе басына салынатын бекінісі. Бекіністі қоршай қала үйлері орналасқан. А.-өзге үйлерден шоқтығы биік, қабырғасы қалың, қала халқының жаулардан қорғаныс табатын бекінісі, қасиетті орны болған. Тұрғындар мұнда құдайға құлшылық еткен. Дүние жүзіне әйгілі Афина, Парфенон, Эрехтейон, Ники-Аперос сияқты қалалар мен ғибадатханалардың А-інде сәулет өнерінің тамаша үлгілері сақталған.