АККРЕДИТИВ

АККРЕДИТИВ (лат. Accreditivus – сенімділік) — 1) банк есебінің бір түрі. Төлеушінің тапсырмасы бойынша банкте ашылады. Қолма-қол ақшасыз есептеудің түрі ретінде А. халықар. коммерц. операциялар бойынша есеп айырысуға және ұйымдар арасындағы төлемдерді жүзеге асыруға қолданылады; 2) жеке тұлғаның банктен ақша алу құқығын растайтын бағалы қағаз. Бұл жағдайда А-те ақша алушының аты-жөні мен берілетін ақшаның мөлшері анық көрсетіледі. Есеп айырысу жөніндегі банктер арасындағы келісімдерге сәйкес А-те көрсетілген ақшаны тиісті банк қолма-қол төлеуге міндетті. А. түрлері: ақша және тауар түрінде болады. Ақша түріндегі А-ті қызмет бабымен, саяхатқа шетелге шыққан, не ел ішінде жүрген адамдар кеңінен пайдаланады. Тауарлық А. негізінде халықар. саудадан сатып алушы мен тауар жеткізушінің арасында есеп жүргізгенде қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *