АККОРДТЫҚ ЖАЛАҚЫ — (итал. Ассоrdo – келісімшарт) — фирмалар мен кәсіпорындарда қызметкерлер мен жұмысшыларға кесімді еңбекақы төлеудің бір түрі. Көлемі алдын ала келісіледі, ал төлемақы келісімде көрсетілген көлемдегі толық біткен жұмысқа ғана төленеді. Әдетте, үстеме жалақы төлеу тапсырыс беруші жұмысын тез арада орындату үшін, көтеріңкі тарифпен ақы төлеуге дайын болған кезде ғана қолданылады.