АККАД ТІЛІ (Солт. Вавилондағы Аккад қ-ның атымен аталған) — семит тілдерінің ең көнесі. Кезінде халықар. қатынас тілі болған. Кейінірек екі диалектіге (ассирия және вавилон) бөлінді. Сондықтан оны кейде ассирия-вавилон немесе вавилон-ассирия тілі деп те атайды. А. т-нің басты ерекшелігі: сөздің түбірі тек қана дауыссыздардан құралады, жіктік жалғаулары болмайды, есімшенің баяндауыш жасайтын ерекше түрі (пермансив) бар. А. т-нің графикасы шумер сына жазуына негізделген.