АКВАКЕШЕНДЕР

АКВАКЕШЕНДЕР — су молекулаларының қатысуымен түзілетін химиялық қосылыстар. Мұндай кешендік қосылыстарда су молекулалары лиганд ретінде болады. Көп зарядты катиондар сулы ерітінділерде әрдайым А. түзейді. Гидратталған иондармен салыстырғанда А. координаттық сандардың дәл мәнімен және орталық ионның айналасына лигандтардың орналасуымен сипатталады. Мыс., [Ве(Н20)4]2+ — құрылымы тетраэдрлік, ал [Со(Н20)6]2+- октаэдрлік. А-дің кристалында тұздың кристалгидратына қарағанда, су молекуласының металл ионымен байланысы берігірек келеді; кристалдық су тұздың ионымен де байланыса алады. Кейде координаттанған және кристалданған су қатар кездеседі, мыс., [Ғе (Н20)6] S04 ⸱ Н20 ашудасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *