АКАРОЛОГИЯ

АКАРОЛОГИЯ (грек. akari — кене, logos — ілім) — зоология ғылымының кенелерді зерттейтін саласы. А-лық зерттеулер Қазақстанда 1937 ж. КСРО ҒА Қазақ филиалының Зоол. секторында (И.Г.Галузоның басшылығымен) жүргізіле бастады. А. — а.ш. А., малдәрігерлік А., медициналық А. болып бөлінеді. Ол кенелердің фаунасын, морфологиялық және анатом. құрылымын, физиологиялық, экологиялық ерекшеліктерін, шығу тегін, кластарға бөлінуін зерттейді. Сондай-ақ олардың эпидемиолог. және эпизоотологиялық мәнін, табиғатта таралуын, адам мен жануарларға жұқтыратын ауруын анықтайды және онымен күресу шараларын қарастырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *