АКАНДАР

АКАНДАР – Гананың оңтүстігі мен орталық аудандарын, Піл Сүйегі Жағалауының оңт.-шығыс аудандарын мекендейтін туыстас халықтар тобы. Жалпы саны — 9960 мың, оның ішінде 7560 мыңы Ганада, 2000-ы Кот-д Иварда тұрады. Үлкен негр нәсілінен. Бірі — биа, екіншісі — акан тілінде сөйлейтін екі тобы бар, бұлар тілдердің конго-кордофан шоғырына жатады. Бір бөлігі — христиан (протестант), екінші бөлігі — мұсылман-сунниттер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *