АЙЮБ ӘУЛЕТІ — Таяу Шығыстағы билеушілер әулеті. Мысырда Фатима әулеті биліктен кеткеннен кейін Айюб ибн Шадидің баласы Салах әд-Дин негізін салған (1170). А.ә-нің ұрпақтары Мысырды (1171— 1250), Дамаскіні(1186 — 1260). Халебті (1186 — 1260), Хамды (1178 — 1341), Хомсты (1178 — 1262), Месопотамияны (1200 — 45), Оңт. Арабстанды (1173 — 1223) биледі. Салах әд-Дин өлген соң іштей бақталастық, мамлүктердің ереуілдері, ішкі экон. байланыстың әлсіздігі салдарынан мемл. ахуалы бірте-бірте құлдырап, А. ө- нің билігі жойылды.