АЙЫРТАУ АУДАНЫ

АЙЫРТАУ АУДАНЫ — Солт. Қазақстан обл-ның оңт.-батысындағы әкімш. аудан. Жер аумағы 9,6 мың км2. Тұрғындарының саны 71,7 мың (1997). Орташа тығызд. 1 км2-ге 7,4 адам шамасында. Әкімш. орталығы — Саумалкөл а. Көкшетау қыратының солт.-батыс бөлігін алып жатыр. Жер қыртысы батыста Есіл өз-нің АққанбұрлықИманбұрлық салаларымен, солтүстігінде қазаншұңқырлармен тілімденіп, ойлы-қырлы болып келеді. Батысында Имантау (661 м), Жақсыжаңғызтау (730 м) және Сырымбет сияқты таулы-жоталы әсем аймақ орналасқан. Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық келеді. Қаңтардың орташа темп-расы — 17—18 °С, шілдеде 18—20 °С. Жауын-шашынның жыл- дық орташа мөлшері 300— 350 мм, орманды-таулы бө— лікгерде 370 мм. Аудан аума- ғынан Ақканбұрлык, Бабын- бұрлық, Иманбұрлық (Есіл өз- нің оң жақ салалары) ағып өтеді. ЖақсылЖаңғызтауИмантау, Шалқар, Саумал- көл, Үлкен Қоскөл, т.б. тұщы көлдер орналасқан. Аудан жері орманды-далалық аймаққа жатады. Топырағы қара топырақты, орманды жерде күлгін болып келеді. Далалы жазықта шоққайың, қарағай, шалғын, қыратты жерінде қарағайлы-қайыңды тоғайлар, өзен бойларында қызыл селеу, т.б. аралас шөптер өседі. Ашық дала, негізінен, егістікке, шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады. Аңдардан далаларда: қасқыр, түлкі, қоян; ормандарда: елік, бұлан, тиін; өзен-көлдерде құстардан: қаз, үйрек, аққу, қызғыш, құр, тауқұдірет, жылқышы мекендейді; балықтан: табан, шортан, алабұға бар. Ірі елді мекендері: Саумалкөл, АнтоновкаКазанкаЛавровка, Сырымбет, КарасаевкаКириловкаДәуқараКаменный Брод, Қаражал, БолотноеКамышное, Арықбалық, ИмантауЛобановкаКонстантиновка, Төменгі Бұрлық, Құсбек а-дары. Аудан тұрғындары, негізінен, егіншілікпен, мал өсірумен айналысады. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер көлемі 735,5 мың га, оның ішінде егістік жері 437,1 мың, шабындығы 13,4 мың, жайылымы 285,0 мың. Орманды алқап 142,0 мың га, 29,9 мың га жерді өзен-көл алып жатыр. Аудан әкімш. орталығы Саумалкөл а. арқылы Қостанай — Көкшетау — Қарасу т. ж. өтеді. Автомоб. жолы Саумалкөл а-н ішкі елді мекендер арқылы Көкшетау, Новоишим, Тайынша т.ж. бекеттерімен, шалғайдағы а- дармен байланыстырады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *