АЙЫРТАУ — Қарағанды обл. жеріндегі тау сілемдері. Оның бір бөлігі Қарқаралы ауд— ндағы Қарасор к-нен (солт. бағытында) 10 —15 км жерде орналасқан. Ұз. 50 км, ені 10 км, абс. биікт. 814 м (Шарықты шоқысы). Девон жыныстарынан тұрады. Күңгірт қара қоңыр топырағында тобылғы, аласа қараған, бетеге, сұлыбас, жусан, т.б. өседі. А-дың екінші бөлігі Ақтоғай ауд-дағы Талды өз-нің Қызылқой мен Бабан бастаулары аралығында орналасқан. Ұз. 7— 8 км, абс. биікт. 894 м. Тас көмір кезеңінің гранитоидтарынан тұрады. Қиыршықты күңгірт қара қоңыр топырағында сұлыбас, қызғылт селеу, бұталар өседі. Етегінде бұлақтар жиі кездеседі.