АЙЫРМАШЫЛЫҚ — обьектілерге салыстыру арқылы сипаттама беру үшін қолданылатын ұғым. Бір объектінің қасиеттері екінші объектіде болмаса — оны осы объектілердің айырмашылығы деп атаймыз. А. бірегейлікпен байланысты болады, екеуі бірге жалпы “ұқсастық” категориясының аясында қарастырылады. Объектілердің айырмашылығы және бірегейлігі таным процесінде айқындалады.