АЙЫР

АЙЫР, иір т амыр (Acorus calamus) — шаянот тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Алматы, Шығ. Қазақстан обл-тарындағы өзен, көл, тоған жағасында, батпақты жерлерде өседі. Биікт. 120 см, тамыр сабағының жуандығы 3 см-ден аспайды. Сабағы тік, бұтақсыз келеді. Гүл сидамы 3 қырлы, тік, жапырақтары жіңішке, семсер тәрізді, ұз. 1 м-дей болады. Гүлі қос жынысты, жасыл сарғыш түсті, жұмыр собықтың ішінде орналасады. Жемісі — көп тұқымды жидек. Тамыр сабағы арқылы өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тамыры ылғалды топырақта, суда өседі. Қазақстанда А-дың тұқымы пісіп үлгермейді, сондықтан көбіне оны қолдан өсіреді. А- дың тамыр сабағында эфир майы, глюкозид, алкалоид, илік заттар, аскорбин қышқылы бар. Халық медицинасында А-дың тамыр сабағын ас қорыту және асқазан ауруларын емдеу үшін қолданады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *