АЙТХОЖИНА Марфуға (25. 8.1936 ж.т., ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Құлжа қ) — ақын. 1956 ж. Құлжадағы қыздар гимназиясын, 1965 ж. ҚазМУ-ды, 1971ж. Мәскеудегі жоғары әдеби курсты бітірген. 1961 — 69 ж. “Қазақ әдебиеті”, “Қазақстан мұғалімі” газеттерінде әдеби қызметкер болып істеді. Алғашқы өлеңдер жинағы “Балқұрақ” деген атпен 1962 ж. жарияланды. “Шыңдағы жазу” (1964) “Жастықшақ” (1968), “Аққуым менің” (1971), “Қарагөз Айым” (1973), “Баянжүрек” (1974) “Көзімнің қарасы” (1975), “Ақбесігім” (1978), “Жарқыра, менің жұлдызым” (1980), “Қыран жеткен” (1985), “Таңдамалы” (1986), “Сағыныш сазы” (1990, Үрімжі), “Жапырақ сілкінген кеш” (1992), кітаптары жарық көрген. Шығармалары болгар, поляк, венгр, чех, т.б. тілдерге аударылған. А. өз шығармаларында Отанды, туған жерді, табиғат сұлулығын, адал махаббатты, бүгінгі за- мандас келбетін, өмір тынысын жырлайды. Біләл Назымның, Те Лан Гиннің, Зульфияның, В. Хинков, Н. Вавцаров, Н. Хикметтің туындыларын, бірқатар монғол, орыс, араб, қырғыз, татар, башқұрт, вешр, украин, т.б. ақындарының өлеңдерін тәржімелеген. “Құрмет белгісі” орденімен, Болгарияның “Достық” медалімен, т.б. марапатталған.