АЙТХОЖИН Мұрат Әбенұлы

АЙТХОЖИН Мұрат Әбенұлы (29.6.1939, Петропавл —19.12. 1987, Алматы) — ғалым, биолғылдокт. (1977), проф. (1980), Қазақстан ЕА-ның акад., Қазақстанда молеку— лалық биол. мен биотехнол-ның негізін қалаушылардың бірі. ҚазМУ-ды бітірген (1962). ҚР ЕА-ның Ботаника ин-тында кіші (1965), аға (1967) ғыл. қызметкер, директор (1978 — 83), Молекулалық биол. және биохимия ин-тында директор (1983 — 87), Қазакстан ҒА-ның президенті (1986 — 87) болды. А. — клеткалық макромолекулалардың (нуклеин қышқылдары мен белоктың) синтезі саласында аса құнды зерттеу жұмыстарын жүргізді. Эукариоттық клеткаларда кездесетін клеткалық бөлшектердің жаңа класын, ақпараттық рибонуклеин қышқылдарының (ақпараттық РНҚ-ның) рибонуклеопротеидтік түрін (РНП-ті) — информосоманы ашқан. А. бидай дәнінің эмбриогенезі, пісіп-жетілуі, тұқымынан өнуі кезінде оның клеткаларында жүретін құбылыстарды: ақпараттық РНҚ-ның биогенезін, түзілуін, сақталуын және оның құрылымдық ерекшеліктерін зерттеді. Өсімдік рибосомаларының физ.-хим. қасиеттерін анықтап, олардың жануар рибосомаларына ұқсас екенін байқады. Жануар мен өсімдік клеткаларының суббөлшектерінен тұратын әрекеті күшті будан рибосомалар алуға, оларды зерттеуге болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Бұл зерттеулердің эволюциялық теорияны дамытуда үлкен маңызы болды. Биохим. тәжірибелерді автоматтандыру саласында белсенді басшылық жасады. Қазақстан ҒА-ның жанынан Молекулалық биол. және биохимия ин-тын ашқан (1983). Осы институт құрамында клеткалық және генетикалық инженерия, трансгеноз лабораторияларын, Биотехнология орталығын (1987) ұйымдастырған. А. Лениндік сыйл. лауреаты (1976). Ол халықарБейбітшілік корының Алтын медалімен (1987), “Халықтар достығы” орденімен (1987) марапатталғанАлматыда А. тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылғанМолекулалық биол. және биохим. ин-ты оның есімімен аталады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *