АЙТҚАЛИЕВ Құсайын

АЙТҚАЛИЕВ Құсайын (1930 ж.т., Атырау обл. Махамбет ауд.) — ұстаз, КСРО Халық мұғалімі (1967). Гурьев мұғалімдер ин-тын бітірген (1950). 1956 — 70 ж. Талқайран, Алғын орта мектептерінің директоры болды. 

А-тың ғыл.-тәжірибелік жұмыстары оқу ісін демокр-ландыру бағытында жүргізілді. Оқушыларға бағдарламалық біліммен қатар кәсіби білім беруді ұйымдастырды. А. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен блок-сабақтар өткізу тәжірибесін қолдады. Мұндай жүйемен оқыту пән материалын алдын ала ірілендірген мөлшерде тапсыру, алға жылдам жылжу принципін ұстанады. Оқу бағдарламасында құбылыстар, процестер, заңдылықтар бір-бірімен логик. біте қайнасқан блок-блокқа топтастырылады. Блок жүйесімен өту басты мәселелерге тірек болатын ұғымдарға көңіл аударуды, оқу материалының себеп-салдар байланыстарын айқындауды қамтамасыз етеді. А. облыста бірінші болып атаулы мектеп ұйымдастырды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *