АЙТИЕВ Ғапар (15.9.1912, Қырғызстанның Ош обл. 1- Төлеукен а. — 1984, Бішкек) қырғыз суретшісі, Қырғыз Респ-ның өнер қайраткері (1941), КСРО халық суретшісі (1971), КСРО Көркемсурет академиясының корр. мүшесі (1973). 1935 — 38 ж. Мәскеу бейнелеу өнері техникумында Н.П.Крымовтан оқыған. Поэзиялық-эпик. сипатта бейнеленген “Ұжымшар ауласы” (1946, Бішкектегі Қырғызстанның бейнелеу өнері мұражайы), “Ыстықкөлдегі шаңқай түс” (1954, Третьяков гал.), “Ақшам” (1974) аталатын пейзаждық картиналары, “Замандастар портреттері” топтамасы (“Р. Чокоева — биші”, 1979), т.б. 120-дай бейнелеу өнері туындысы бар. Бірқатар театр спектакльдерін көркемдеді. Қырғызстан Респ. Мемл. сыйл. лауреаты (1967). 2 рет Ленин орденімен, т.б. ордендермен марапатталған.