АЙТБАЕВ Салихитдин Әбдісадықұлы (15.2.1938, Қызылорда — 29.9.1994, Алматы) — кескіндемеші, график-суретші. Қазақстанның еңбек сің. өнер қайраткері (1988). 1956 — 61 ж. Алматы көркемсурет уч-щесін бітірген, М. Кенбаевтан дәріс алған. 1969 — 71 ж. осы уч-щеде ұстаздық етті. А-тың алғашқы кескіндемелік шығармаларынан шығ. мини- атюрасының әсері байқалады. Үлттық салт-дәстүр рухымен іштей үйлесім тапқан “Шо— пандар демалысы” (1962), “Бақыт” (1966), “Жас қазақтар” (1968), “Қонақтар келді” картиналары қазақтың бейнелеу өнеріне соны сипат әкелді. Ол “Ә. Әлімжанов” (1970), “Ана” (1973), “Әке”, “Шопан” (екеуі де 1974), “Абай” (1994) портреттерін салды. А-тың П. Пикассо мен А. Матисс туындыларының түпнүсқаларымен танысуы және өнердегі кубшылдық бағытын өз тұрғысынан түйсініп пайымдауы оның суретшілік шеберлігінің жаңа қырынан танылуына игі ықпал жасады. 1966 ж. оған “Менің Отаным” атты суреттер топтамасы үшін Қазақстан Республикасының Ленин комсомолы сыйл. берілді. А-тың кескіндемелік және график. туындылары ҚР-ның Мемл. бейнелеу өнері мұражайында сақтаулы.