АЙТБАЕВ Өмірзақ, Ө м і р зақ Айтбайұлы (05.04. 1936 ж. т., Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд. Балтакөл а.) ғалым филол. ғыл. докт. (1992), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1994), ҚР Әлеум. ғылымдар академиясының акад. (1997). ҚазМУ-ды бітірген (1959). Қазақстан ҒА-ның Тіл білімі ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған (1962 — 89). Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының вице-президенті болып сайланды (1989). А- тың ғыл.-зерттеулерінің Негізгі бағыттары қазақ тілінің лексикологиясы мен терминологиясы мәселелеріне арналған.