АЙТБАЕВ Мәжит

АЙТБАЕВ Мәжит, Қобызшы Қорқыт (1914, Қызылорда обл. — 1945, Дрезден) — ақын. Қаз. пед. ин-тын бітірген. 1937 — 39 ж. Қызылорда пед. ин-тында оқытушы, сту- денттер даярлау курсының бастығы, Қазақстан жазушылар одағынының Қызылорда обл. бойынша өкілі қызметтерін атқарған. Өлең, әңгімелері мерзімдік баспасөздерде, жинақтарда жарияланып тұрған. Көркем аудармамен айналысқан.

1939 ж. А. әскерге алынып, батыс шекарада қызмет атқарды. 1941 ж. тұтқынға түседі. “Түркістан ұлттық бірлік комитетіне” мүше болып “Жаңа Түркістан”, “Милли Түркістан” газеттерін шығарысқан, “Милли әдебиет” альманағының бас редакторы болған. 1943 ж. Берлинде “Абылай- хан” атты өлеңдер жинағы шықты. Оған екі дастан, үш баллада, төрт ән, 41 өлеңі енген. Шығармаларын Қобызшы Қорқыт деген бүркеншік атпен жазған. Шерлі ақын шынында да Қорқыт болып күңіренеді. Алтайды, Арқаны, Сырды сағынады, Тұранды, Түркістанда іздейді, туған жерге тәуелсіздік туын тігуді армандайды. Сағынышын сарнаумен шығарып, осы жолда қан төгудің өзі қасиетті деп өзін алдарқатады. Ақынның басқа да жинағы болған деген пікір бар.

“Милли әдебиеттің” 1944 жылғы бір саны түгел А-тың 30 жылдығына арналды. “Жырлайын Алтын Алтай баурайында” дейтін өлеңінде күйікпен өткен күндеріне өкінеді де, түбі Алтын Алтай баурайында жыр төксем, соның бәрінің орны толады, деп өзін-өзі жұбатады.

А. 1945 ж. Дрезденде бомба жарылысынан дүние салды. “Абылайхан” жинағындағы өлеңінің бәрі, “Милли Түркістан”, “Милли әдебиеттен” табылған 30 шақты жыры 1991 — 95 ж. Қазақстанда жарияланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *