АЙТАУ — Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс сілемі. Солт.-батыстан оңт.-шы— ғысқа қарай 150 км-ге созылып жатыр. Ендірек жері 60 км-ге жетеді. Ең биік жері — 1052 м (Сұңқар тауы). Каледон-герциндік тау құралу процесінде қалыптасқан. Негізгі дені палеозойдың гнейстерінен, кристалды тақтатастан, каледондық граниттен түзілген. Солт. беткейі көлбеу, оңтүстігі қырқалы төбе болып келеді. Таудың карбонаты аз саздақты бозғылт топырағында жусан бітік өседі. Кейбір тұстарында ши шоғырлары кездеседі.