АЙТ — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Ұлы жүздегі албан тайпа— сынан таратылады. Ұраны — Райымбек, таңбасы — дөңгелек. А-тан Таңатар, Мамадияр, Уанашы, Абыта, Бидайшы тарайды. 19 — 20 ғ-дың басында Жаркент уезін мекендеген. Қыстаулары Алтынемел тауының оңт. бөктерінде, Алтынемел, Тізгін, Шылбыр, Үшбұлақ деген кішігірім өз-дердің бойында, Іле өз-нің сол жақ жағалауының Қаратөбе, Қызылжиде, Үшқоңыр, Қоянды, Айдарлы деген жерлерде орналасқан. А. руының бір бөлігі Шарын өз-інің батысынан Верный уезіне дейін, ал оңт-нде Темірлік өз-ін және Кетмен жоталарын жайтаған. Негізінен, мал ш-мен айналысқан, өзен бойын қоныстанғандары егіншілікпен шұғылданған. Ежелден бозым, қоңырбөрік руларымен көрші-аралас отырған.