АЙРШИР СИЫРЫ

АЙРШИР СИЫРЫ — сиырдың сүтті тұқымы. 18 ғ-да Шотландияда жергілікті сиыр- ларды алғашқыда тисватершортгорн, кейін альдернейджерсігернсей және голланд бұқаларымен будандастыру арқылы шығарылған. 1862 жылдан жеке сиыр тұқымы болып есептелінеді. А. с-ның шоқтығына дейін биікт. 120 — 122 см, қиғаш өлшегендегі тұрқы 142 — 150 см, кеуде орамы 180— 190 см, жіліншік орамы 17 — 19 см келеді. Түсі қызыл ала, тұмсығы сүйірлеу, мүйізі жіңішке. 4000 кг шамасында (аса сүттілері 11000 кг- ға дейін) сүт береді, сүтінің майл. 4,2 — 4,5%. А. с. бірқатар елдерде жерсіндірілген. Қазақстанға 50-жылдары әкелінген. Алматы обл-нда өсіріледі. А. с. тез өсіп жетіледі, жергілікті жерге жақсы бейімделеді. 18 — 22 жасқа дейін сүт береді. А. с-ның еттілігі орташа. Жаңа туған бұзауларының салм. 28 — 30 кг-ға жетеді, олар тәулігіне 700 — 800 г салмақ қосады. Бұқаларының орташа салм. 700 — 800 кг болады. А. с-ның бұқаларын басқа сүтті, етті сиырлармен будандастыру арқылы жаңа тұқым шығару жұмыстары жүргізілуде. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *