АЙРИХ Эдуард Фердинандович

АЙРИХ Эдуард Фердинандович (20.11.1918 — 6.4.1993, Алматы) — жаттықтырушы. А. жаттықтырушылық жұмысты 1948 ж. балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде (Краснотуринск, Ресей) бастады. Ол допты хоккейден А.- ның “Динамо” командасының аға жаттықтырушысы болды (1964 — 1978). 1977 ж. команда КСРО чемпионы атағын иеленді, чемпионаттың күміс және қола медалін 8 мәрте жеңіп алды. А. елімізде көгалдағы хоккей спортын дамытуға көп еңбек сіңірді. Ол жаттықтырған “Динамо” командасы көгалдағы хоккейден 15 мәрте алтын, 2 мәрте күміс медалін жеңіп алды. А. 1979 ж-дан көгалдағы хоккейден КСРО құрама командасын басқарды. Мәскеуде өткен 22 Олимпиялық ойындарда бүл команда қола медальді иеленді. А. “Халықтар достығы” орденімен марапатталған (1987).  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *