АЙРАУЫҚ (Calamagrostis) — астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 16 түрі тараған. Олар Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы және Күнгей Алатауында кездеседі. Көп тараған түрі: Құр ғ а қ А. (С.еpigeios) — топырақты жерлерде өсетін шалғындық өсімдік. Оның сабағы тік, биікт. 80 — 150 см, жатаған, тамыр сабақты. Жапырақтары ұзын, жалпақ болады. Гүл сыпыртқысы тығыз, ұсақ тікенді, бұташықтанған. Масақтары шоғырлана орналасқан. Маусым — тамыз айларында гүлдейді, гүлі дара, қос жынысты болады. Гүлдегенге дейін шабылған шөпте қоректік заттар көп сақталады, кейін қатайып, қоректік маңызы кемиді де, мал нашар жейді, 1 га жерден 20 — 80 ц шөп жиналады. Сабағында талшық көп болғандықтан қағаз жасау үшін пайдаланылады. Балқаш — Алакөл ойысында эндемик түрі е р к е к А. (C.gigantea) өседі. Оның биікт. 150 — 180 см. Сабағы жуан, жапырақсыз. Ұзын масақтары шоғырлана орналасады. Сабанынан төсеніш шыпта тоқылады.