АЙОВАН (Trachyspermum), а ж г о н — шатырша гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда а с х а н а л ы қ А. (Т.аmmі) аталатын түрі өседі. Ол суармалы егіншілікпен айналысатын оңт. аудандарда кездеседі, арық жағаларында жақсы өседі. Биікг. 35 — 60 см, тамыры жұмыр, жіңішке, 1 м тереңдікке дейін кетеді. Сабағы қуыс, сыртынан қырлы, түксіз келеді. Жапырағы жұмыртқа пішінді, сұрғылт түсті, жиегі үш рет қауырсынша тілімделген, тілшелерінің ені 5 мм-ге жуық. Төменгі жапырақтары сағақты болады. Гүлдері ұсақ, ақ түсті, шатырша гүл шоғырына топтасқан. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жемісі жұмыртқа тәрізді қабысқан. А- ды Үндістан мен Африка халықтары ежелден дәм-татымдық зат ретінде әр түрлі тағамдарға пайдаланады. Елімізде А-ды қолдан өсіру қолға алынған.