АЙНЫМАЛЫ ТОК

АЙНЫМАЛЫ ТОК, кең мағынасында — бағытты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада А. т. деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсініледі. Ток күші (және кернеу) өзгерісі қайталанатын уақыттың (с-пен берілген) ең қысқа аралығы период (7) деп аталады. А. т-тың тағы бір маңызды сипаттамасы — жиілік. Дүние жүзі елдерінің көпшілігіндегі және Қазакстандағы электр энергет. жүйелерде пайдаланылатын стандартты жиілік — 50 Гц, ал АҚШ-та 60 Гц. Байланыс техникасында жиілігі жоғары (100 кГц-тен 30 ГГц-ке дейін) А. т. пайдаланылады. Арнайы мақсат үшін өндіріс орындарында, медицинада және ғылым мен техниканың басқа салаларында әр түрлі жиіліктегі А. т., сондай-ақ импульстік ток қолданылады. Ток кернеуін кемітпей түрлендіруге болатындықтан іс жүзінде А. т-ты электр энергиясын жеткізуде және таратуда кеңінен пайдаланады. А. т-тың үш фазалық жүйесі жиі қолданылады. Тұрақты токка қарағанда А. т-тың генераторлары мен қозғалтқыштарының құрылымы қарапайым, жұмысы сенімді, мөлшері шағын әрі арзан. А. т. әуелі шала өткізгіштер арқылы, ал одан кейін шала өткізгішті инверторлар көмегімен жиілігі реттелмелі басқа А. т-ка түрлендіріледі. Бұл жағдай жылдамдығын бірте-бірте реттеуді талап ететін электр жетектерінің барлық түрі үшін қарапайым әрі арзан қозғалтқыштарын (асинхронды және синхронды) пайдалануға мүмкіндік береді. А. т. байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон, т.б.) кеңінен қолданылады. А. т. айнымалы кернеу арқылы өндіріледі. Ток жүріп тұрған сым төңірегінде пайда болатын айнымалы электрлі магниттік өріс А. т. тізбегінде энергия тербелісін тудырады, яғни энергия магнит немесе электр өрісінде периодты түрде бірде жиналып, бірде электр энергиясы көзіне қайтып отырады. Энергияның тербелуі А. т. тізбектерінде реактивті ток тудырады, ол сым мен ток көзіне артық ауырлық түсіреді және қосымша энергая шығынын жасайды. Бұл — А. т. энергиясын берудегі кемшілік. А. т. күші сипаттамасының негізіне А. т-тың орташа жылулық әсерін, осындай ток күші бар тұрақты токтың жылулық әсерімен салыстыру алынған. А. т. күшінің (I) осындай жолмен алынған мәні ә с е р л і к м ә н (немесе эффективтік) деп аталады әрі ол период ішіндегі ток күші мәнінің матем. орташа квадратын көрсетеді. А. т. кернеуінің (U) әсерлік мәні де осы сияқты анықталады. Ток күші мен кернеудің осындай әсерлік мәндері А. т-тың амперметрлері және вольтметрлері арқылы өлшенеді. 

Тәжірибеде жай және неғұрлым маңызды жағдайда А. т. күшінің лездік мәні (i) синусоидалық заңға сәйкес белгілі бір уақыт (t) ішінде мынадай болып өзгереді: і =Іт sin(ɷt+α), мұндағы Іт — ток амплитудасы, ɷ=2πƒ— токтың бұрыштық жиілігі, α -бастапқы фаза. Сондай жиіліктегі кернеу де синусоидалық заң бойынша өзгереді: u=Umsin(ɷT+ẞ), мұндағы Uт — кернеу амплитудасы,   — бастапқы фаза.  

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *