АЙНЫМАЛЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ — адам мінезінің тұрлаусыз, тиянақсыз, құбылмалы болып отыруы. Құбылмалы мінезді адам айнығыш келеді, қабылдаған шешімін өзгерткіш. Уәде де тұрақсыздық көрсетіп, пікірінен жиі қайтып отырады. Берген сертінен таяды. Сөзде тұру, уәдеге берік болу, серттен таймау адамның кісілік қасиетімен бірге, оның мінезінің де тұрақты әрі өнегелі екенін білдіретін ерекшеліктері. Айтқанын орындамайтын, сөзінде тұрмайтын адамның бойында кісілік қасиет аз болады. Ондай адамдарды әлеум. өмірде “бір күнде қырық құбылған” деп бағалап, оларға жауапты істер тапсырылмайды.