АЙНЫМАЛЫ ЖҰЛДЫЗДАР

АЙНЫМАЛЫ ЖҰЛДЫЗДАР — негізінен, темп-расы мен радиусының бірде ұл— ғаюыбірде кішіреюі салдарынан жарығы құбылып тұратын жұлдыздар. А. ж. туралы де- ректер Ежелгі Қытай жылнамаларында кездеседіӨзінің жарығын өзгертіп отыратын жұлдыздарды алғаш рет 1596 ж. Кит шоқжұлдызынан неміс астрономы Д. Фабрициус байқаған. Ал 1667 ж. француз астрономы И. Бульо оның жарығының периодты болатындығын анықтаған. А. ж-ға тек 19 ғ-дың ортасынан жүйелі түрде бақылау жүргізіле бастады. А. ж-дың саны қазір 50 мыңнан асадыӘрбір шоқ жұлдыздағы А. ж. латын әрпімен (К-ден 2-ке дейін немесе солардың әр түрлі ауысымы арқылыбелгіленедіОлар тұтылмалы қос жұлдыздар және физикалық А. ж. болып 2 топқа бөлінедіТұтылмалы қос жұлдыздар белгілі бір жүйеменжалпы ауырлық центрінен айналадыәрі ерек— ше оптикалық А. ж. тобына енеді. Ф и з и к а л ы қ А. ж. жарығының өзгеруіжұлдыздар қойнауы мен оның сыртқы қабатындағы физ. процестерге байланысты боладыОлардың қатарына лапылдамалы (пульсациялыайнымалы жұлдыздар (қ. ЦефейдтержатадыСондай-ақ А. ж-дың эруптивтіпульсарлар, тығыз орналасқан қос жұлдыздар сияқты түрлері де бар. А. ж. жарығының өзгеру периоды бірнеше сағаттан (Лирадағы КК), ондаған (Цефейдегі 8), жүздегентіпті екі мыңнан аса (Үшарқар-Таразыдағы а, Қа— рақұрттағы К) тәулікке дейін созылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *