АЙНЫМАЛЫ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ШАМА

АЙНЫМАЛЫ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ШАМА — математика ғылымының негізгі ұғым- дарының бірі. А й н ы м а л ы ш а м а — әр түрлі сан мәндерін қабылдайтын шама. Ал сан мәні өзгеріссіз қалатын шама тұрақты шама деп аталады. Дегенмен айнымалы шама мен тұрақты шаманың арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде болады. Өйткені кейбір мәселедегі тұрақты шама, басқа бір жағдайда айнымалы шама болуы мүмкін. Айнымалы шаманы математикаға енгізіп, оны жүйелі түрде зерттеуді бастаған француз ғалымы Р. Декарт (1596 — 1650) болды. Айнымалы шаманың негізінде өзгеріс пен қозғалыс жатыр. Сондықтан тұрақты шама математикасынан айнымалы шама математикасына көшу ғыл. ойлаудағы үлкен төңкеріс болды. Сөйтіп интегралдық және дифференциалдық есептеу әдістері арқылы процестер мен өзгерістерді зерттеуге мүмкіндік жасалды. Кейде айнымалы шамалар арасындағы байланысты функция деп те атайды. Математика онан әрі дамыған сайын зерттелетін функциялар саны да көбеюде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *