АЙНДАР — Жапонияның Хоккайдо аралында тұратын халық Айн және жапон тілдерінде сөйлейді. Саны 20 мың адам шамасында (1997). А. б.з.б. 8 — 7-мыңжылдықтар аралығында Оңт.-Шығыс Азиядан Филиппин аралдары тізбегін бойлап, солт-тегі аралдарға қарай өрлей ауып келіп, Жапон аралдарына қоныстанған тайпалардан шыққан. Олар аңшылық және балықшылықпен айналысқан. Кейінгі мыңжылдықтарда Хоккайдоға лек-легімен ағылған корей, қытай тайпалары сиыр, қой, жылқы ала келді. Суармалы күріш егуді алғаш осы тұста қабылдап, күріш ш- тың басты бағытына айналды. Оңт-тегі Хонсю, солт-ндегі Сикоку, Кюсю аралдарына жайғасқан А.жергілікті австронезиялық тайпалармен араласып кетті. Бұдан соң елдің орт. ауд-нан шетке ығыстырылып, Куриль ар-на, Сахалин ар-ның оңт. мен Камчаткаға қоныс аударды. Куриль ар. мен Оңт. Сахалин Жапония қарамағына уақытша өткен кезде (1875 — 1905) А. Хоккайдо ар-на көшірілді. Олардың ұрпақтары қазір сондағы Хидако окр-н мекендейді. А. ежелгі рулық-тайпалық сенімдері мен тұрмыс-салтын, тілін сақтап қалған.