АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТЫ — кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдарының өндіріс циклі барысында толық пайдаланылатын қаражатының бір бөлігі. Оған ақшамен бағаланған материал, шикізат, отын, энергия, т.б. қажетті заттар жатады. Ол сонымен қатар аяқталмаған өндірісті жалғастыру үшін, дайын өнім қорын жасау үшін де жұмса— лады. А. қ-ның бір бөлігі өндіріс саласында, екінші бөлігі айналымға түседі. Күнделікті өндіріс жағдайында оның бір бөлігі материалдық заттар қорына айналса, тағы бір бөлігі банк есепшотында, кәсіпорын кассасында жинақталады. Құрылым барысына қарай А. қ. кәсіпорынның меншікті қаржысы мен несие қаржысы (банктен уақытша қажетті өтеу үшін алған) болып бөлінеді. А. қ. кәсіпорынның пайдасы есебінен өсіп отырады. Оны пайдалануды жақсарту, айналымын жеделдету өндіріс тиімділігін арттырудың басты факторларының бірі. Өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының кез келген кезеңінде А. к. жетпей қалса онда өндірістің үздіксіз өнім шығаруы бұзылады. Қазақстанда 90-жылдары өнеркәсіп салаларына экон. шетелдік инвестициялардың мол тартылуы кәсіпорындардың А.к-ы тұрақтандыруға, игеруге жағдай жасады.