“АЙНАЛАЙЫН” — өнерлі балалардың халықаралық фестивалі. Қйымдастырушы — “Бөбек ” балалар қоры. Алғаш рет 1996 ж. 1 — 3 қазанда Алматыда өтті. Қазақстанның барлық облыстарынан, шет елдерден жүздеген балауса таланттар жиналды. Фестиваль аясында Алматыдағы “Достық” үйінде БҰҰ-ның ЮНИСЕФ бөлімшесі және “Бөбек” қорының бастамасымен “Балалар құқы туралы конвенцияны жүзеге асыру” атты тақы- рыпта халықар. дөңгелек үстел өткізілді. Онда Қазақстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан өкілдері балалар өмірінің көкейкесті мәселелері туралы сөз қозға- ды. Өнерпаз балалардың әлемнің енер шеберлерімен кездесуі ұйымдастырылды. Екінші фестиваль “Айналайын — Ертіс-97” деген атпен Павлодар қаласында өтті. “Бөбек” балалар қоры “Балалар өмірін қорғайық” деген тақырыпта дөнгелек үстел ұйымдастырды. Бұған 600-ден астам өнерпаздар, Павлодар облысының өзінен 1000-ға тарта өрендер қатысты. Мәскеу (Ресей) облысының, Болгарияның фольклорлық Қырғызстанның вокалды-хореогр. ансамбльдерінің өнері көпшілікті сүйсінтті. Сондай-ақ балалар баспасөзі, радио-теледидары мен киносы орталығынан қатысқан 12 жас журналист белсенділіктерімен көзге түсті. Алғаш рет поэзия, мәнерлеп оқу секциясы жұмыс істеді. Фестивальге қатысушыларға респ. “Бөбек” қорынан сыйлықтар тапсырылды. Фестиваль жылына бір рет өткізіліп тұрады.