АЙНАБҰЛАҚ — Шығыс Қазақстан обл-ның Зайсан ауд-ндағы ауыл. Облыс орталығы — Өскемен қ-нан оңт.-батысқа қарай, аудан орталығы — Зайсан қ-ның шығысында 12 км жерде орналасқан. А-тың іргесі ұжымдастыру жылдары қаланған. Тұрғыны 2 мыңға жуық (1997). 1962 жылдан бастап “Айнабұлақ” қой кеңшарының орталығы болды. Кейін оның негізінде акцион. қоғам, шаруа (фермер) қожалығы құрылды. Теректі ауыл округіне қарайды. А-та орта мектеп, дәрігерлік пункт, т.б. бар. А. арқылы Қаратал — Зайсан автомоб. жолы өтеді.