АЙНАБЕКОВ Қайып

АЙНАБЕКОВ Қайып (18.5. 1885, қазіргі Қарағанды обл. Нұра аудКөбетай а. — 29.1. 1955, Қарағанды) — ақын. Алғашқы өлеңдер жинағы “Қырдың қызыл гүлдері” 1928 ж. жарық көрді. Ақын шығармалары ел өміріндегі елеулі тарихи оқиғаларды жырлауға, адалдықпен тәрбиелілік мәселелерін уағыздауға құрылған. 1921 ж. Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстан-ық 2-съезіне делегат болды. 1923 ж. Мәскеуде өткен Бүкілодақтық этногр. көрмеге қатысып, өнер көрсетті. А. 1943 ж. Қарағандыда өткен обл. ақындар айтысын бастаушылардың бірі болды. I. Манкинмен, С. Әзденбаевпен, К. Елеуовпен айтысты. Қазақ ауылының сол кезеңдегі жағдайын баяндайтын “Қолаң” және көмірлі Қарағанды кеншілерінің ауыр өмірін суреттейтін “Алып туралы аңыз” дастандары бар. Өлеңдері, дастандары мен айтыстары халық ақындарының ұжымдық жинақтарында, Мәскеуде орыс тілінде жарық көрген “Қазақ поэзиясының антологиясында” жарияланған. А. бірнеше ән шығарып, халық әндерін ел аузынан жинау, жаздыру ісімен де айналысты. Белгілі музыка жинаушы А.В. Затаевич А-тен “Сұлушаш”, “Қос көтерме”, “Әупілдек”, Назқоңыр”, “Жеңеше” сияқты халық әндерін жазып алған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *