АЙМАРАЛАР – Оңтүстік Американы мекендейтін үндіс халқы. Жалпы саны 2,55 млн. адам (1992). Аймара тілінде сөйлейді. А. ерте замандардан белгілі: б.з. 1-мың- жылдығының ақырына дейін тарихи Тиауанако мәдениетін жасаған. 15 ғ-дың соңғы ши- регінде Инк мемл-нің құрамына кірген. Қазір Боливияның батысындағы Титикака және Поопо көлдерінің маңында, Перу мен Чилиде тұрады. Көпшілігі егіншілік және мал ш-мен айналысады. Көл жағасында тұратындар балық аулайды. Егетін басты дақылы картоп, асырайтын малы түйе тақілетті ламы — жүні асыл, таулы жерде жайлы көлік. А. қой да көп өсіреді. Перу мен Чилиде тұратын А. кен орындарында жұмыс істейді. Олар ерте замандардан бері алтын, күміс, мыс өңдеудің, әсіресе, зергерлік өнердің шебері. Сан ғасырлық салт-дәстүрін жақсы сақтаған. А. католик дінін ұстанады.