АЙҚАС

АЙҚАС,ә скери істе — соғысып жатқан екі жақтың бетпе-бет келген шақта қоян- қолтық шайқасқа түсуі. А., негізінен, отты қару жаппай қолданылғанға дейінгі ұрыс- тардың, әсіресе, атты әскерлер соғысының бір тәсілі болды. Жеке батырлардың жекпе-жегі де А. түрінде өткен. Әскерлерде отты қару көбейген сайын, әсіресе, атты әскер Қарулы Күш санатынан шығарылғаннан кейін А. ұрыс тәсілі ретінде ығыстырыла түсті. Тарихтағы соңғы соғыстарда бетпе-бет А. лажсыз, төтенше жағдайларда болмаса, бұрынғыдай көп орын ала қоймаған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *