АЙКЕНЕ ҚҰМЬІ — Жамбыл обл-ның батыс бөлігінде, Қаратау жоталарының солт.- шығыс жағындағы Талас өз- нің төменгі салалары мен Мойынқұм құмының аралы- ғында орналасқан құмды алқап. Ұз. 80 км-ге жуық, ені 35 км, жалпы ауд. 3200 км2. Құм алқабының оңтүстігі жатаған жонды, солтүстігі төбелі болып келеді. Жер асты сулары- ның жақын жатуына байланысты құм алқабыңда көктемде еритін қар суымен толатын көл тәрізді ойпандар кездеседі. Климаты тым континенттік. Қаңтардағы ауаның темп-расы -8 — 10°С, шілдеде 25-27°С. Жауын-шашынның орташа мөлш. жылына 150— 200 мм. Негізінен, сексеуіл, жүзгін, эфетра, жусан, ал сортаң жерлерінде кара сексеуіл, күйреуік өседі. А. қ. мал жайылымы үшін пайдаланылады.