АЙЖОЛОВ Тұрсын Ғабиденұлы

АЙЖОЛОВ Тұрсын Ғабиденұлы (5.12.1942 ж.т., қазіргі Қарағанды обл. Бұхар жырау ауд. Мырза ст.) — әскери қызметкер, ген.-майор (15.12. 1993). 1960 жылдың қыркүйегінен Қарулы Күштер қатарында. Мурманск жоғары теңізшілер уч-щесін (1966), Мемл. Қауіпсіздік к-тінің жоғары курстарын (1969) бітірген. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Мемл. қауіпсіздік к-ті басқару органында, ҚР Мемл. қауіпсіздік к-ті бас- шылығында қызмет атқарды. 1997 жылғы 18 қазаннан жоғары шекарашылар команда- лық уч-щесінің бастығы. I, II, III дәрежелі “Мінсіз қызметі үшін” медальдарымен мара— патталған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *