АЙЖАРҚЫН Қанайұлы (1855, қазіргі Ақтөбе обл. Ырғыз ауд. — 8.03.1930, сонда) — 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысушы, Ырғыз көтерілісі (1930) басшы- ларының бірі. Николай ІІ-нің маусым жарлығына (1916) мойынсұнбаған ол кенжеғара болысында көтеріліс ұйымдастырды. 1916 ж. қыркүйекте көтерілісшілер А-ды хан сай- лады. А. сарбаздары Ырғыз бен Торғай арасында батыл соғыс қимылдарын жүргізді. Көтеріліс басып-жаншылған соң, түрмеге қамалған А-ды ату жазасынан Ақпан төңкерісі (1917) құтқарды.
1930 ж. ақпан — наурызында ол туған жері — қазіргі Қостанай обл. Жетіқара ауд-мен іргелес ауылдар шаруаларының Кеңес өкіметінің күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы қарулы көтерілісін бастады. Көтерілісшілерге көрші аймақтардың қазақтары қосылды. Хазірет Мұқантай Сәметовпен бірге А. ақсақал бастаған халық жасағы Ырғызға шабуыл жасады. А. Ырғыз маңындағы Көлқамыс деген жерде ОГПУ әскерімен шайқаста қаза тапты.