АЙДОС ҮЙТАС ҚОРЫМЫ

АЙДОС ҮЙТАС ҚОРЫМЫ — қола дәуірінің орта және соңғы кезеңінен сақталған ескерткіш. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Өткелбай бөлімшесінен оңт.-батысқа қарай 2 км, Жезқазған қ-нан солт.- шығысқа қарай 50 км жерде, Кеңгір өз-нің сол жағалауында орналасқан. Орт. Казақстан археол. экспедициясы 1983 — 84 ж. (жетекшісі Э.Р. Усманова) және 1997 ж. (жетекшісі Ж. Құрманқұлов) зерттеген. Қорымның шығыс жағындағы қоршауларға қола дәуірінің Нұра кезеңінің (б.з.б. 11 — 13 ғ.) адамдары өлгеннен кейін өртеліп, күлі көмілген. Қабірден көзе, құрбандыққа шалған мал сүйектері табылды. Қорымның батыс бөлігінен Беғазы — Дәндібай мәдениетіне жататын обалар ашылды. Көпшілігі тоналған. Жақсы сақталған обадан бірінің ішіне бірі салынған үш қоршау зерт- телді. Сыртқы қоршауы 4-5 қабат етіп тастан қаланған, көлемі 6,4×6,2 м, биікт. 0,5 м. Шығыс қабырғаға ортасынан есік жасап, дәліз салған. Үз. 2 м, ені 1 м. 2-қоршау да тас- тан қаланған, дөңгелек пішінді. Диаметрі 4,8 м 3-қоршаудың дөңгелек тас қабырғалары қырынан қаланған. Мәйітпен бірге көзе күйдіргенде астына қоятын екі дөңгелек жұқа тас, қыш ыдыс, бірнеше жылқы қабырғасы, екі жүзді қола қанжар, сүйек жебе ұшы, көзелер, т.б. табылды. Қорым қола дәуіріндегі адамдардың сәулет өнерінен, жерлеу салты мен материалдық мәдениетінен тың мағлұмат береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *