АЙДАҺАР

АЙДАҺАР (грек. Drakon Boidae) — қабыршақтылар отрядына жататын ең үлкен жылан. А-дың 3 тұқымдас тармағы (айдаһарлар, питондар, болиериндер) бар. Олардың ең ірі түрлері: анаконда, торлы жылан, т.б. А-ды кейде жалғанаяқтылар деп те атайды, себебі оларда жамбас сүйегі мен ортан жіліктің қалдығы аналь тесігінің екі шетінде сақталып қалған. А-дың 25 туысының 85 түрі субтропикалық, тропикалық аймақтарда кеңінен таралған. Денесінің ұз. 0,5-10 м, ірілері 11 м-ден асады. Көз қарашығы тік ор- наласқан. Үстіңгі жақ сүйегі қозғалмалы, жақ, таңдай, қанат тәрізді сүйектерінде тістері болады. Бұлшық еттері жақсы дамыған. А. өз қорегін денесімен орап, түншықтырады да, өлтіріп барып жұтады. Қазақстанда А-дың 2 түрі бар. Бірінші түрі — құм айдаһаршасы Қазақстанның оңт.-бат. өңіріндегі құрғақ далалы, шөлейтті жерлерде таралған. Бұларды жергілікті халық құм жылан деп атайды. Екінші түрі — шығыс айдаһаршасы Арал маңынан Зайсан қазаншұңқырына дейінгі аралық тағы құрғақ далалы, шөлейтті, шөлді өңірде кездеседі. Олардың ұз. 80 — 90 см, түсі қоңыр, бауыры қара қоңыр не қарадақты болады. Жылына бір рет 10 — 20 ұрпақ береді. Кейбірі жұмыртқа салып, кейбірі тірі туып көбейеді. А. — улы жылан емес. Ол ұсақ кемірушілермен, жәндіктермен қоректенеді. А. кейде “аждаһа” деп аталып, халықтың қиялға- жайып ертегілері мен аңыздарында аузынан жалын атқан көп басты, қанатты үлкен “жыртқыш жылан” түрінде суреттеледі. Аспан әлеміндегі Темірқазық жұлдызының маңындағы шоқ жұлдыз да “Айдаһар” деп аталады. Канар аралында “Айдаһар ағашы” деген ағаш өседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *