АЙДАРШӨП

АЙДАРШӨП (Corydalis) — көкнәр тұқымдасына жататын екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұта (мыс., ірі гүлді А.). Қазақстанда далалы, орманды, шөлді, көбіне таулы аудандарда тараған 19 түрі өседі (оның ішінде көп кездесетіні — Ледебур, Галлер А-бі). Тамыры ірі шар тәрізді немесе ұзынша түйнек түрінде болады. Оның әр же- рінен жанама тамырлар тарайды. Сабағының топырақ астындағы бөлімі ұзын, сыртын түк басқан. Жапырақтары үш салалы, бүтін жиекті немесе қауырсынды екі рет тілімделген. Гүл шоғыры шашақ, кейде бұтақталған. Жемісі — қынап тәрізді немесе кеңейген, көп тұкымды қауашақ. Бұлар, негізінен, бал беретін және сәндік өсімдіктер. А-тің тамыр түйнегінде алкалоид болады, одан дәрі алынады. А-тің ішінде ең сирек кездесетін ре- ликті түрі — Семенов А-і . Оның биікт. 35 75 см. Бұтақтанған цилиндр тәрізді тамыры бар. Қауырсын тәрізді тілімденген ірі жапырақтары сабаққа кезек орналасады. Ақшыл сары түсті гүлі тығыз, шашақты гүл шоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым — шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жылдан-жылға таралу ареалы азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *