АЙДАРХАН — Батыс Қазақстан обл-ның Жаңақала ауд-ндағы ауыл, Жаңажол ауылдық әкімш. округінің орталығы. Аудан орталығынан оңтүстікке қарай 50 км-дей жерде, Каспий ойпатында, Үлкен Өзен өз-нің оң жағалауына жақын орналасқан. Тұрғыны 2,0 мың адам (1997). Ауылда “Айдархан” жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді. Орта және бастауыш мектептер, емхана, кітапхана бар. Тұрғындары елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.