АЙДАРОВ Ғұбайдолла (18.6. 1921, Маңғыстау обл. Маңғыстау ауд. Тельман пос.) — ғалым, филол. ғыл. докт. (1974). Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1994). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Шымкент оқытушылар ин- тын (1948), ҚазПИ-ді (1952) бітірген. 1959 жылдан Қазақстан ҒА Тіл білімі ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер. 250- ден астам ғыл.-зерт. еңбек, оның ішінде 10 монография мен жоғары оқу орындарына арналған оқулық жазған. Ғыл.-зерт. еңбектері, негізінен, түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған. А. ғыл. еңбектерінде көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін қазіргі графика бойынша транскрипциялап, олардың тілін лингвистик. тұрғыдан жан-жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген.