АЙДАРКӨЛ

АЙДАРКӨЛ — Өзбекстандағы Нұрата тауының солтүстігінде орналасқан көл. Ол шығысында Мырзашөлге, солтүстігі мен батысында Қызылқұм шөліне тіреледі. Солт.- шығысында Арнасай ойпатымен ұласады. Теңіз деңгейінен 232 м биіктікте жатыр. Жаға- лауының жер бедері, негізінен, тегіс келеді. Солтүстігі мен шығысында өсімдігі сирек аласа құм қайрандары мен құм төбелер кездеседі. А. шалшығының беті 20 — 30 см тұз қатпарымен жабылған. Оның құрамында натрий (19,5%), сульфат (25,6%), хлор (25%) тұздары бар. Топырақ асты суы жер бетіне жақын жатыр. Тұз қатпары сол судың көп бо- луына байланысты түзілген. Көл Мырзашөлдегі суармалы жерлердің қалдық суларымен толысады. Соған байланысты А-дің аум. құбылып отырады және кейбір жерлері батпаққа айналған. Шалшықты тұз кристалдарын жел ұшырып аймақ атырабы кебірленуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *