АЙДАР

АЙДАР — 1) адамның төбесіне қойылған шаш. Ертеде қаһарлы күш-қуаттың белгісі тәрізді болған. А. қою — монғол, қытай, маньчжур, қалмақ, украин, түрік, т.б. халықтарға тән. “Тұлымдысын тұл қылды, айдарлысын құл қылды” (“Қобыланды”); 2) алған атақ- абыройды білдіретін ұғым (“айдар тағу”). “Әнші қыз” деген атақ осы кезде Жібекке 129 айдар болып тағылды (Ғ. Мұстафин); 3) кейбір құстардың төбесінде болатын терімен жалғасқан тәж тәрізді өсінді. Ол көбіне тауық тұқымдас құстарда, Америкада кездесетін кейбір құмайларда болады. А-дың пішіні әр түрлі келеді, оған қан толғанда қызарады. Көптеген құстардың төбесінде шоқтана өскен қауырсынды да А. деп атайды. А. жыныстық айырмашылықтың бір белгісі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *